Өңірлер

Түркістан облысында селден зардап шеккен тұрғындар баспаналы болды

© Photo : Акимат Туркестанской областиНовые дома в Туркестанской области для пострадавших от наводнения
Новые дома в Туркестанской области для пострадавших от наводнения - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалпы аумағы 2 640 шаршы метрді құрайтын 42 үйдің құрылысын тоғыз мердігер мекеме жүргізген

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Конституция күніне орай Түркістан облысы Төлеби ауданындағы үйлерін тасқын су шайып кеткен 42 отбасына жаңа үйлердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тұрғындардың қуанышына ортақтасқан өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев бірнеше үйді аралап шығып, баспана иелерін жаңа қонысымен құттықтады.

"Ерте көктемде болған табиғи апат әбігерге салып, біраз қиындық туғызған болатын. Оның бәрі артта қалып, өздеріңіз табалдырығын жаңа аттаған баспаналарыңыз берекелі, қыдыр қонған үлкен үйге айналсын дегім келеді", – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Биыл көктемде қатты жауын-шашын салдарынан су арналары тасып, Төлебиде сел орын алған болатын. Салдарынан бірнеше үйді су басып, зақымданды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен шұғыл штаб құрылып, аудандағы 42 үй жарамсыз деп танылды. Жаңа баспаналар құрылысы қарқынды жүргізілді.

Баспаналардың 17-сі – Леңгір қаласында, 2-і – Киелітас, 22-сі – Сұлтан-Рабат, 1-і – Ынтымақ ауылында соғылды. Олардың жалпы аумағы – 2 640 шаршы метр. Құрылысты 9 мердігер мекеме жүргізді.

Оқи отырыңыз: Баспана алуға арналған бағдарламалар: мамандар жиі қайталанатын қателікті атады

Айта кетейік, көктемгі су тасқыны кезінде үйлер мен жолдарды су басып, Жоғарғы Қасқасу елді мекеніндегі "Қасқасу" өзені бойында орналасқан 4 көпірді де су шайып кеткен еді. Тиісті қаражат бөлініп, жарамсыз күйге түскен үш көпірдің құрылысы толық аяқталды.

Жаңалықтар
0