Өңірлер

Рудный тұрғыны батпаққа түсіп кетіп, 2 сағаттан соң әрең шықты

Жазылу
Зейнеткерді өрт сөндірушілер құтқарды. Олар тұрғынды батпақтан шығарып, бірден дәрігерлерге тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек - Sputnik. Рудныйда 68 жастағы зейнеткер саңырауқұлақ жинауға барып, батпаққа түсіп кетті. Ол өзі шыға алмай қалды, деп хабарлайды Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Тобыл өзенінің сағасында зейнеткер екі сағат бойы тұруға мәжбүр болды. Бұл уақыт аралығында ол батпаққа белуарға дейін кіріп кетті.

Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оны кешке тауып, құтқару арқаны және үшиінді сатының көмегімен алып шықты. Құтқару операциясына шамамен 20 минут жұмсалды.

Зейнеткер дәрігерлерге тапсырылды. Суық тигендіктен, ауруханаға жеткізілді.

Тағы оқыңыз: Талдықорғанда суға батқан көлік жүргізушісін оқиға куәгері құтқарды

Жаңалықтар
0