Қоғам

Көмір тиелген вагонмен Қазақстанға жеткен ресейлік жасөспірімдер Петропавлда ұсталды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуВагоны с углем, архивное фото
Вагоны с углем, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта жасөспірімдердің жеке тұлғасы, сондай-ақ олардың мұндай қауіпті сапарға бару себебі анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Петропавл станциясында жүк пойызымен Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен төрт жасөспірімді ұстады. Олар көмір тиелген вагонға мініп, Ресейден келген, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Шекарадан заңсыз өту фактісі 7 қыркүйекте тіркелген.

"Петропавл станциясындағы полиция бөлімі көші-қон қызметінің мамандары "Транзит" жедел алдын алу шарасы кезінде Ресей Федерациясының кәмелетке толмаған 13-17 жас аралығындағы төрт азаматын ұстады", – дейді көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев.

Көмір тиелген жүк пойызы Қазақстанға Ресейдің Омбы облысындағы шекара бекеті арқылы келген. Балалар осы жылжымалы құрамға отырып, Қазақстанға жеткен.

Қазіргі уақытта жасөспірімдердің жеке тұлғалары, сондай-ақ олардың мұндай қауіпті сапарға бару себебі анықталып жатыр. Сонымен қатар, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Біртанов 16 жастағы жасөспірімдер үшін қандай жаңашылдық енгізілгенін айтты

Айта кетейік, бұл көліктегі полиция қызметкерлерінің шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша анықтаған оныншы оқиға. Сондай-ақ, заңсыз көші-қонға қатысты екі факті тіркелсе, Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған 345 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар
0