Өңірлер

Шымкент – Жібек жолы трассасы ақылы болады

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуАвтомобили на загородной трассе, архивное фото
Автомобили на загородной трассе, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеңіл автокөлік иелері үшін бұл төлем әр шақырымға 1 теңге болады, ал ауыр жүк көліктерінің ақысы әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Жыл соңына дейін Шымкент – Жібек жолы автотрассасы ақылы болады.

Әзірге төлем терминалдары бар үш арка тестілік режимде жұмыс істейді және жүк автокөліктерінің жүргізушілері ғана жол жүру ақысын төлейді. Ал келесі жылы Түркістан аумағындағы 300 шақырым жолдан өту үшін көлік иелерінің барлығы ақы төлейді.

Оқи отырыңыз: Жыл соңына дейін Қазақстанда тағы тоғыз жол ақылы болады 

Қаржы жолдарды күтіп ұстауға және инфрақұрлымдық жүйені жақсартуға жұмсалады. Жол ақысын арнайы терминалдарда мобильді платформалар арқылы төлеуге мүмкіндік туады, деп хабарлады otyrar.kz.  

Жеңіл автокөлік иелері үшін бұл төлем әр шақырымға 1 теңге болмақ. Ал ауыр жүк көліктерінің ақысы әзірге белгісіз. Салаға жауаптылар ауыр техникалардың жүру құны санаты мен салмағына қарай белгіленеді дейді. Жол жүру бағасы қарашаға қарай нақтыланады.

"Біз халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осыған байланысты қоғамдық тыңдау өтеді. Кей аумақтарға қазірдің өзінде аркалар қойылып қойды. Мұны елордалық компания іске асырып жатыр", - дейді "ҚазАвтоЖол" АҚ ҰК Түркістан филиалы директорының орынбасары Ерлан Кенжеханов.

Жаңалықтар
0