19:27 21 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2095 0 0

Супермаркет әкімшісі бұл жерде жауапкершілік тауар өндірушіге жүктеледі десе, ресейлік өндіруші мұндай пікірмен мүлдем келіспейді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Қостанай қаласының тұрғыны 6 қыркүйек күні супермаркеттен пакетке салынған салат жапыраған сатып алған. Ал таңертең балаларына арнап сэндвич жасай бастағанда, таңғажайып жағдайға тап болады. Салат жапырағы салынған пакет ішінен тірі жарқанат шыққан, деп хабарлайды өңірлік "Костанайские новости" басылымы.

"Кешке пакетті тоңазытқышқа салғанмын. Таңертең жапырақтың бір бөлігін алып, алаңсыз жуа бастадым. Кенет қандай да бір сықырлаған дыбыс естідім. Пакет шығар деп ойлап, оралған пакетті жазып қарасам жапырақ отырғызылған құтының жанында тірі тіршілік иесі тұр. Жан дауысымның шыққанынан шошып кеткен күйеуім оның жарқанат екенін айтты", – дейді Ирина Вишненко.

Ол қорқыныштан әлі де ес жия алмай жүргенін айтады.

"Бір атап өтерлігі, жарқанат қолымнан тістеген жоқ. Оның үстіне көп жағдайда тоғыз жасар қызымыз салат жапырағын өзі алып, дайындап жатады. Сол кезде шыға келсе не болар еді?", – деп таңданады Ирина.

Ерлі-зайыптылар мән-жайды анықтау үшін дүкенге барған. 

"Дүкен әкімшілігі жарқанаттың пакет ішіне қоймада түсуі мүмкін екенін айтқан соң, басқа да пакеттерді қайта қарап шығу үшін және қауіпті жарқанатты талапқа сай жою үшін алған затымызды дүкенге кері қайтардық. Өйткені, ол ауру тасымалдаушы болуы мүмкін. Солай бола тұра, бізден кешірім сұраған ешкім жоқ. Тіпті, ақшаны қайтарып беруді де ұсынбады. Мен бұл жағдайға кім кінәлі екенін білмеймін, бірақ енді қайталанбаса деймін", – дейді Ирина.

Кейінірек жергілікті БАҚ өкілдері ресми түсініктеме алу үшін супермаркет әкімшісі Темірлан Нысанбаевқа хабарласқан. Ол республикалық дүкендер желісінің бас кеңсесіне хат жазуға кеңес берген.

Оқи отырыңыз: Жарқанат вирустың таралуына әсер ете алмайды – маман пікірі

Оның пікірінше, бұл жерде жауапкершілік тауарды өндірушіге жүктеледі. Ал өндіруші Евгений Ионин (Свердлов облысы, Ресей) мұндай пікірмен мүлдем келіспейді.

"Бұл пакет дүкенге жеткенге дейін қаншама қолдан өтеді. Сондай-ақ, ол қалай тасымалданып, қалай сақталды – мен білмеймін. Пакеттің аузы ашық болғандықтан, жарқанат кез-келген қоймада кіріп кетуі мүмкін. Мәселен, біз тауарымызды жөнелтер алдында мұқият тексереміз. Сол сияқты дүкен иелері де тексеріп қабылдауға міндетті деп санаймын", – дейді Евгений Ионин.

Тақырып бойынша

Алматы - Қостанай рейсінің жолаушысы ұшақ бортында көз жұмды
Тұтынушылар лигасы адамдардың жеке мәліметін заңсыз пайдаланатындардың былығын айтты
Қостанай соты баласын қоқысқа тастаған әйелге ешкім күтпеген үкім шығарды
Мемлекет басшысы тұтынушылар құқығын қорғауға қатысты заңға қол қойды
Сатушы мен тұтынушы құқы: заң қабылданып, президентке жіберілді
Кілт сөздер:
жарқанат, тұтынушылар, Қостанай
Загрузка...

Басты тақырып