18:15 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
114 0 0

Жасөспірімдер қабірге қойылған құлпытас, ескерткіштерді қиратып, кіші шіркеудің терезелерін шаққан

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары зираттағы ескерткіштерді қиратып, құлпытастардың үстіне бояу төккен, деп хабарлады жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұзақылар Айыртау ауданындағы зираттардың бірін қиратқаны белгілі болды.

Перевернутые памятники на могилах в СКО
© Photo : департамент полиции Северо-Казахстанской области
Солтүстік Қазақстан облысындағы зиратта қиратылған құлпытастар

"Ең алдымен қабір құрылыстарының бүлінгенін жергілікті тұрғындар байқаған. Кейіннен оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері 12 құлпытас пен қоршаудың зақымдалғанын тіркеді. Бір құлпытасқа акрилді бояу төккен. Сонымен қатар зират маңында орналасқан кіші шіркеудің терезелерін сындырған", - делінген полиция хабарламасында.

Часовня, где вандалы разбили окна
© Photo : департамент полиции Северо-Казахстанской области
Бұзақылар кіші шіркеуді де бүлдірген

Тергеу әрекеттері нәтижесінде, полицейлер бірнеше күн бұрын зират маңында жүрген 10-12 жастағы үш жасөспірімді анықтады. Олар өздерінің бұл фактіге қатысы бар екенін растады.

Разбитое окно часовни
© Photo : департамент полиции Северо-Казахстанской области
Кіші шіркеудің терезелерін шаққан

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу аясында қосымша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Соның нәтижесіне қарай соңғы процессуалдық шешім қабылданатын болады. Ал осы оқиғаға байланысты іс Қылмыстық кодекстің 314-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.

Перевернутые памятники на могилах в СКО
© Photo : департамент полиции Северо-Казахстанской области
Қабір басындағы қиратылған ескерткіштер

Тақырып бойынша

Шымкент-Нұр-Сұлтан ұшағының жолаушылары жанжал шығарды - видео
Алматы-Бішкек тасжолында "Көкпар" ұйымдастырған алты адам ұсталды – видео
Тұрғындарды дүрліктірген алматылық ұсталды – видео
Қалжың немесе вандализм: өлген құспен суретке түскен Ақсу тұрғыны әлеуметтік желіні шулатты
Бұзақы жасөспірімдердің саябақты ойран еткен сәті видеоға түсіп қалды
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, вандализм, оқушылар
Загрузка...

Басты тақырып