Өңірлер

Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: ауыл тұрғындары не дейді

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка закрывает лицо руками, архивное фото
Девушка закрывает лицо руками, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шұбарши ауылының тұрғыны Ардақ Құбашеваның айтуынша, отбасындағы жалғыз ұл жуырда ғана келіншек әкеліп, үйлену тойының қамына кіріскен

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында үйлену тойы қарсаңында қара жамылған отбасы үлгілі, ортасына сыйлы еді, дейді ауыл тұрғындары.   

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Темір ауданының Шұбарши ауылында сенбі күні болды.

Полицияның дерегінше, әуелі 63 жастағы анасы өзіне қол салған. Мұны тауып алған 28 жастағы ұлы да сөзге келместен суицид жасаған. Сол сәтте үй ішінде отағасы және басқа да туысқандары болған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Ауыл тұрғындары болған жайтқа әлі күнге сене алар емес. Отбасының жалғыз ұлы жуырда ғана келіншек әкеліп қуантып, енді үйлену тойының қамына кіріскен еді дейді.

"Анасы 63 жаста еді ғой. Гүлзия марқұм жақсы адам болатын, екі қыз, бір ұл өсіріп, өнегелі отбасын құрды. Ұл өте тәрбиелі. Намаз оқитын. Менің балаларымның досы ғой. 19-да той болады деп кәдімгідей дайындалып жүрді. Келіншегін 3 қыркүйекте әкеліп қойды. Енді той істейін деп жатқанда осындай жағдай болды", - дейді Шұбарши ауылының тұрғыны Ардақ Құбашева. 

Жітіқарада той қарсаңында оқыс оқиға болды: күйеу жігіт көз жұмды 

Полицейлер қазір қанды оқиғаның себеп-салдарын анықтауда.

"Осы деректер бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Өлімге не себеп болғаны анықталуда", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.  

Жаңалықтар
0