22:36 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

Қазақстанда "Алдаспан-2020" оқу-жаттығуы өтеді, оның барысында қазіргі уақыттағы қарулы қақтығыстардың ерекшелігі ескеріледі

АЛМАТЫ, 15 қыркүйек — Sputnik. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының, десанттық-шабуылдау және әскери-әуе күштерінің әскери бөлімшелері дабылмен көтерілді. Олар штаттық техникамен Жамбыл облысындағы "Мәтібұлақ" полигонына келді, осы жерде ауқымды оқу-жаттығуларға қатысады.

"Алдаспан-2020" оқу-жаттығуы бүгін басталды және 23 қыркүйекке дейін созылады, деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс министрлігі.

 "Оқу-жаттығулардың басты мақсаты ­- заңсыз қарулы құрылымдармен күрес жүргізу кезіндегі бірлескен іс-әрекеттерді пысықтау. Әскери маневрлер ауданына келген әскерилер тобы жауынгерлік тапсырмаларды орындап, жергілікті жерді барлауды жүзеге асыруы қажет. Сонымен қатар шартты қарсыласының жүрген жерін анықтап, қақтығыс ауданында тұрақтылықты қалпына келтіру бойынша арнайы операция жүргізуі тиіс",  - делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, биылғы жылғы әскери оқу-жаттығудың ерекшелігі қазіргі уақыттағы қарулы қақтығыстар тәжірибесін енгізу болып отыр. Яғни, басқару органдары, штабтар әдеттегі шешімнің орнына тез өзгеретін ахуалды ескере отырып, ұрыс қимылдарын ­күн сайын жоспарлайды. Бұл қолда бар күштер мен құралдарды барынша тиімді қолдануға, материалдық ресурстарды үнемдеуге және адам ресурстарын сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында заңсыз қарулы құрылымдармен күрес жүргізу кезінде өздерінің тиімділігін көрсеткен танк бөлімшелері мен авиация күштерін қолданудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану көзделуде.

Загрузка...

Басты тақырып