12:10 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1910 0 0

Жергілікті атқамінерлер берген баспананың сапасы елордадан көшіп барғандардың көңілінен шықпаған. Тіпті уәде етілген жұмыс та жоқ, дейді олар

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысына былтыр арнайы бағдарламамен көшіп келген отбасылар кері қайтпақшы. Оған себеп – сапасыз баспана мен жалақысы аз жұмыс.

Өңірде қолға алынған "Нұрлы Ертіс" бағдарламасымен былтыр 200 отбасы Екібастұз қаласына көшіп келген, деп хабарлады "Астана" арнасы.  

Ғабитжан Қайдаров Нұрсұлтаннан былтыр тамыз айында қоныс аударған. Елордада пәтер жалдап күн көрген отбасы қуаныштарында шек болмағанын айтады. Алайда, ол ұзаққа созылмаған.  

"Мына жақта мәселе шешілмейтін болса, амал жоқ кетеміз. Өйткені, жұмыс жоқ. Бұлар жұмысқа орналастырып жатырмыз деп айтады. Сондағысы жылыжай мен құрылыс па? Айлығы 50-60 мың. Өздері айтқан 120 мың айлық қайда? Уәде орындалып жатқан жоқ", - дейді Ғабитжан Қайдаров.

Жергілікті атқамінерлер берген баспананың сапасы да көңілден шықпаған. Қабырғасы қақырап тұр. Одан қалды қанша от жақса да, үйді жылыта алмаған. Мәселені айтып, құзырлы органдарға барған, нәтиже жоқ.  

"Бұл жерде барлық нәрсені көз алдау жасап кеткен. Бетін бояп қоя салады. Әрі қарата өткізіп жіберген. Бұны үкімет қабылдамау керек еді. Құрылысты салған адамдар жауап беру керек", - деп ашынды Екібастұз қаласының тұрғыны Алтынай Қырқынбекова.

Ақсақалов оңтүстіктен көшіп келгендер жайлы: Кейбірі қардан қорқады, ауырып қалады 

Ал шаһар әкімдігі болса, құрылыстың сапасыз салынғанын мойындайды. Сол үшін мердігер құрылысшыны сотқа берген. Ал, жұмыссыз жүр деген уәжбен келіспейді. Ұсынған жұмысты жалақысы аз деп менсінбейтіндері бар дейді. Баспанадағы олқылықты 10 күнде жөндеп бермекші.   

"Бұл мәселелер қыркүйек айының соңына дейін шешіледі ", - деп уәде берді қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметов.

Өңірде "Нұрлы Ертіс" пилоттық жобасы өткен жылы іске қосылған болатын. Екібастұзға 200 отбасы Елордадан қоныс аударған. Бірақ мәселе жақында шешілмейтін болса, бұл отбасылардың көпшілігі кері қайтуға бел буып отыр.

Тақырып бойынша

Министр Қазақстанның солтүстігінде қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдірді
Қала билігі әрбір жаңа тұрғынға 10 мың доллар төлейді
Оңтүстіктен солтүстікке көшетіндер үймен қамтамасыз етіледі
200 көпбалалы отбасы елордадан басқа қалаға көшіріледі
Үкімет кімдерге миллион теңгеден береді: Еңбек министрлігі түсіндірді
Кілт сөздер:
бағдарлама, Екібастұз
Загрузка...

Басты тақырып