19:15 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
56 0 0

15 қыркүйекте Қазақстанда азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу науқаны басталды. Ол 15 қарашаға дейін жалғасады

АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров кей қала тұрғынының емханаға неге тіркеле алмай отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пациенттерді тіркеуден бас тарту шарттарының бірі – бір емханаға шамадан тыс жүктеме түсуі. Біз өзіміз үшін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандартын таңдадық, соған сәйкес, бір дәрігерге тіркелген адам саны 1700-ден аспауы қажет", - деп түсіндірді Надыров.

Басқарма басшысы бір жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралатын науқастардың саны артатын болса, медициналық қызметтің сапасы төмендейтінін айтып өтті.

"Біз осы параметрлерді ұстанамыз. Егер қандай да бір емханаға жүктеме артатын болса, онда тіркеуден бас тарта алады", - деді ол.

Айтуынша, қаладағы емханаларды арттыру мақсатында 35 дәрігерлік амбулатория ашу жоспарланған, оның ішінде 16 амбулатория қазір жұмыс істеп тұр.

Айта кетсек, 15 қыркүйекте Қазақстанда азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу науқаны басталды. Ол 15 қарашаға дейін жалғасады.

Тақырып бойынша

Алматының денсаулық басқармасын құқық қорғау органдары тексеріп жатыр
Қазақстанда құс тұмауына байланысты он ауыл карантинге жабылды
Қазақстанда құс тұмауы өршіді – адамдар ауруды жұқтыруы мүмкін бе?
Депутат бес жылдан кейін бала туатын әйелдер санының азаятынын айтты
Қарағанды тұрғыны тоғыз миллион теңгесін қаржы пирамидасына салып жіберген
Кілт сөздер:
емхана, тұрғындар, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып