Өңірлер

Петропавлда қария терезеден құлап кете жаздады – видео

© AFP 2024 / MARIA ANTONOVAАрхивное фото силуэта женщины на фоне окна
Архивное фото силуэта женщины на фоне окна - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер мен бірінші қабатта орналасқан дүкеннің қызметкерлері зейнеткердің аман-есен түсуіне жәрдемдесті  

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Петропавл қаласының тұрғыны өзінің туған күні қарсаңында үшінші қабаттағы үйінің терезесінен құлап кете жаздады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көмекке "Мечта" техника дүкенінің қызметкерлері мен патрульдік полициейлер келіп үлгерді. Әжейдің көмек сұрап жатқаны жайында өтіп бара жатқандар таңғы сағат 10 шамасында "102" арнасына қоңырау шалып хабарлаған.

Полиция қызметкерлері келген кезде дүкен шатырының үстінде сол ғимаратта жұмыс істейтін Денис Григорьев пен Иван Барановский болған. Барлығы зейнеткердің аман-есен түсуіне жәрдемдесті. Осы уақытта "жедел жәрдем" де келіп жетті.

Көкшетауда кішкентай қызды құтқарған ер адам мүгедек болып қалды – видео 

Әжейдің жалғыз тұрып жатқаны белгілі болды. Зейнеткердің неліктен осындай экстремалды жағдайға барғаны әзірге белгісіз. Айта кетейік, полицейлердің "102" арнасына бір тәулікте 200-ден 280-ге дейін түрлі хабарлама келіп түседі.    

Жаңалықтар
0