Өңірлер

Демалыс күндері Нұр-Сұлтан мен Алматыда қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

© Photo : департамент транспортного контроля CTS Проверка билетов у пассажиров общественного транспорта
 Проверка билетов у пассажиров общественного транспорта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы демалыс күндері Алматыда қоғамдық көлік қозғалысы шектелмейді, ал Нұр-Сұлтан қаласында 20 қыркүйекте автобустарда дезинфекция жасалады

АЛМАТЫ, 18 қыркүйек – Sputnik. 20 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүрмейді. CTS көлік компаниясының хабарлауынша, бұл күні автобустарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Алайда сенбіде қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді. 21 қыркүйектен бастап қалалық және қала маңындағы автобустар жүреді.

Айта кетейік, өткен аптада 13 қыркүйекте астанада қоғамдық көлік дезинфекция жұмыстарына байланысты тоқтатылды.

Алматы қаласы әкімдігі демалыс күндері қоғамдық көліктің әдеттегідей жұмыс істейтінін хабарлады. Осымен мегаполисте демалыс күндері қоғамдық көлік үшінші апта тоқтатылмады.

Айта кетейік, 31 тамыздан бастап Қазақстанда шектеу шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі басталды. Соған сәйкес, елдің бас санитар дәрігері қала маңындағы жолаушылар пойызы мен электричкаларын қайта іске қосылатынын мәлімдеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары автобуста маска тағуға міндетті. Жол ақысы тек электронды түрде төленеді.

Жаңалықтар
0