Өңірлер

Өскеменде жетім балаларға тиесілі пәтерге әкімдік қызметкерлері жайғасып алған

© Sputnik / Владислав Воднев Ребенок у окна, архивное фото
 Ребенок у окна, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жетім балаларға арналған тұрғын үйлерді тексеру нәтижесінде кейбір пәтерлер заңсыз жалға берілген болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Өскеменде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған пәтерлерде әкімдік қызметкерлері тұрып жатыр. Қаладағы қоғам белсенділері заңсыз қоныстанудың құйтырқы әрекеттерін әшкереледі.

Жетім балалар осы кезге дейін де баспанаға қатысты алаяқтық туралы бірнеше рет шағымданған болатын, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Өздерінің табанды әрекеттерінің арқасында олар арнайы комиссияның құрамына енуге қол жеткізген. Сөйтіп, белсенділер әкімдіктің тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандары мен полиция қызметкерлері және КСК өкілдерімен бірге 102 пәтерді тексеріп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

"Бірнеше пәтерде мемлекеттік қызметкерлер тұрады. Яғни, кәмелетке толмаған жасөспірімдер балалар үйіне жайғасқандықтан, пәтерлерде мүлдем басқа адамдар тұрып жатыр. Бұл енді жалдау шартының бұзылуы болып табылады", – дейді балалар үйінің түлегі Александра Талхигова.

Тексеру нәтижесінде, арнайы комиссия жетім балаларға арналған 15 пәтердің жарты жылдан астам уақыт бос тұрғанын анықтады. Сондай-ақ, оның кейбірі үшінші тұлғаларға жалға берілген болса, тағы екеуі "қағаз жүзінде" балалар үйіндегі кәмелетке толмаған балаларға "үлестірілген". Бірақ іс жүзінде басқа адамдар жүргенін әшкереледі.

Оқи отырыңыз: Жетім балалар қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген қызметкер ұсталды

Жаңалықтар
0