07:50 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Ұлтуар апа той көйлегі мен сәукеле киген қыздардың құдды бір ұзатылып бара жатқандай толқитынын айтады

Қазақстандық танымал жұлдыздар ата-енесіне сәлем сала ма?

© Sputnik / Жансая Тәуекелқызы
Шоу-бизнес
Қысқа сілтеме алу
797 0 0

Шоу-бизнестегі ер азаматтар бұл дәстүрдің сақталуын толықтай құптайтынын айтады

АСТАНА, 17 ақпан — Sputnik. Қазақта сана мен салтқа сіңген сәлемдесу үрдісі күні бүгінге дейін ізін жойған емес. Жаңа түскен келінге беташар тойын жасап, ағайын-туысқа бас игізіп, сәлем салдыратын да дәстүріміз бар. Тек жаңа түскен келіндер ғана емес, үлкен апа-жеңгелердің де бүгінге дейін жасы үлкен кісіге ізеттілік көрсетуі инабаттылық пен көрегенділікті білдіреді. Ал шоу-бизнестегі жұлдыздар отбасылық өмірде қандай келін? Олар да таңертең ерте тұрып сәлем сала ма? Бұл туралы олар отандық бағдарламаларға берген сұхбатында айтып берді.

Танымал әнші әрі сазгер Маржан Арапбаева ата-енесі сәлем салуды қажетсінбесе де, қайын жұртының алдында сәлем салғанды ұнататынын жеткізді. Айтуынша, бұл дәстүр бойына ана сүті арқылы сіңген.

"Менің ата-енем заманауи кісілер. Олар менен "Сәлем сал" деп талап еткен емес. Бірақ үлкен қария кісілердің алдында келіндік міндетімді атқарып, сәлем саламын. Одан бір жерім майысып, сынып қалмайды. Менің ойымша, бұл қазақтың әдемі бір салты. Сол себепті қыз-келіншектер міндетті түрде сәлем салуы керек. Менің анам, өкінішке қарай, дүниеден өтіп кетті. Бірақ бұл дәстүр ана сүті арқылы бойыма сіңіп үлгерді. Ол кісі жасы келгенше сәлем салып, ізеттілігін көрсететін", — дейді әнші Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында.

"Жігіттер" тобының солистері де бұл дәстүрді ерекше құрмет тұтатынын айтады. Әйелдері оңтүстік өңірдің тумасы болғандықтан, жолдасы қай жақтікі екеніне қарамастан міндетті түрде сәлем салады. Сондай-ақ, өздері де келіндерінің сәлемін қабыл алып, ақ тілегін жаудырып жүр. 

Тағы оқыңыз: Тойда тегін ән шырқауға дайын жұлдыздар жайлы не білеміз?

"Сәлем салу дегеніміз — әдемі нәрсе, құрмет. Кейде келіндер келіп сәлем салғанда кәдімгідей риза болып қаламын. "Адам бол, көп жаса" деп тілегімді айтамын. Жалпы сәлем салу дегеніміз — көрінісі де көзді тойдыратын дүние. Біздің әйелдеріміздің барлығы оңтүстіктен болғандықтан, осы салтты жақсы сақтаған. Ата-енесі, қайын ағасы мен әпкелеріне міндетті түрде сәлем салады", — деді әнші Айдар Тұрғанбеков.

Әншінің сөзін топтағы әріптестері де қоштай түсті. Ал Бағдат Сәмединова өзінен бұл дәстүрді орындауды ешкім талап етпегендіктен, аса көңіл бөлмегенін айтты.

"Мен Алматының маңына тұрмысқа шыққандықтан, сәлем салған жоқпын. Ол кісілердің өздері де "Оның не қажеті бар?" деді. Яғни талап қоймаған соң мен де аса мойындаған жоқпын", — дейді ол.

Батыстан шыққан әнші Бейбіт Қорған да әйелінің сәлем салмайтынын айтты. Оған Оралда бұл салттың сақталмауы себеп болып шықты.

Әнші Индира Елемес те бұл дәстүр орындалмайтын өңірге тұрмысқа шыққандықтан, әлі күнге дейін сәлем салып көрмегенін еске алды. Ал қара бала атанған Нұржан Керменбаев өзі туған өңірде бұл дәстүр аса сақталмаған болса да, керісінше қазаққа тән дәстүрді ұмытуға жол бермейтінін жеткізді.

Тағы оқыңыз: Жұлдыздар мектепте бастан өткерген қызықты оқиғаларын айтып берді

"Салт-дәстүрімізді ұмытпаған жөн. Оның үстіне сәлем салу дәстүрін мен ойлап тапқан жоқпын. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Расымен де, Солтүстік және Орталық Қазақстанда аздап ұмытылған. Ауылдан аталарым келген кезде әйелім міндетті түрде әлі күнге дейін сәлем салады", — дейді ол.

Жуырда өзінен біраз жас кіші сүйіктісін тәуекел етіп ел-жұртқа таныстырған Тәуекел Мүслім онымен айырылысып үлгерген-ді. Алайда ол анасына ақ сәлем салатын жарын әлі-ақ кездестіремін деген үмітте. Ата-анасының ажырасып кеткеніне қарамастан, болашақ әйелінің енесі алдында міндеттерін орындайтынын айтады.

Мұнымен қатар, екінші рет ақ құсын қолына қондырған Абай Бегей де жас әйелінің сәлем салу дәстүрін берік ұстанатынын жеткізді. Әріптесі Жеңіс Сейдолла да бұл дәстүрге деген көзқарасының оң екенін, әрдайым оның жалғасын тапқанын қалайтынын ауызға алды.

"Әсіресе гәстрөлдік сапардан келгеннен кейін міндетті түрде ата-енеме сәлем беремін. Бірақ өздері "Күнде таңертең тұрған кезде сәлем бермей-ақ қой. Сен біздің қызымызсың, келініміз емессің" деп рұқсат етті. Ол рас", — деді тележүргізуші әрі әнші Аша Матай "Жетінші" арнаның "Гу-гу-гәп" бағдарламасына берген сұхбатында.

Тағы оқыңыз: Қазақстандағы көп балалы жұлдыздар кімдер?

Әнші Индира Расылхан бұл дәстүрді сақтамай кеткені үшін өкінеді. Бұл туралы әлі күнге дейін енесіне де ашып айтады екен. Сондай-ақ, тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек келіндік міндетін толық атқаруға дайын екенін жеткізді.

Ал, Сіз құрметті оқырман, бұл дәстүрдің сақталғанын қалайсыз ба? Өзіңіз қайын жұртыңыздың алдында сәлем салып жүрсіз бе?

 

Тақырып бойынша

2018 жылы ерекше образымен жұртты шулатқан қазақстандық жұлдыздар — фото
Димаш Forbes-тың табысты жұлдыздар тізіміне енді
Бекболат Тілеухан: қазақстандық жұлдыздар көкпар тартады
Қазақстандық жұлдыздардың көлігіндегі VIP нөмірлердің бағасы қанша тұрады
Төреғалидің қатысы жоқ: Астана әуежайында жұлдыздардың рейсі кешікті
"Неге бермеске?" Танымал қазақстандық жас әнші атақтан дәмелі екенін жасырмады
"Жексұрын болдым": Танымал әнші құмар ойынға салынып, 200 000$-дан айырылғанын мойындады
Кілт сөздер:
шоу-бизнес, жұлдыздар, сәлем салу, салт-дәстүр, қазақ
Загрузка...

Басты тақырып