19:36 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Кенжебек Жанәбілов

"Көрсетпей жылап аламын": Кенжебек Жанәбіловтің әйелі жан сырымен бөлісті

© Photo : Кенжебек Жанәбіловтің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Шоу-бизнес
Қысқа сілтеме алу
4227 0 0

Кенжебек Жанәбіловтің жары Жамилә Төлегенова жұбайының мінезі туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Жамилә Төлегенова отбасылық өмір, бала тәрбиесі және жұбайының мінезі туралы ойымен Ережесіз әңгіме бағдарламасына берген сұқбатында бөлісті.

Бағдарламаның қонағы - МузАрт тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов болды. Алайда тілшілер алдын ала әншінің жарынан сұқбат алған екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кенжик (@kenzhebekmuzart)

"Әншіге тұрмысқа шығамын деп мүлдем ойлаған жоқпын. Басында қорқыныш болды. Ән жазса, ең алдымен, менімен бөліседі. Оның бір жақсы қасиеті  - ренжітсе де, көңілді аулауға тырысады. Адам қанша көңілін қалдырса да, ол адамға ренжімейді. Кейде сол қасиетіне таңғаламын. Жаратылысы мен пейілінің кеңдігі шығар деп ойлаймын", - деді Кенжебек Жанәбіловтің әйелі Жамилә Төлегенова.

Ол жұбайының отбасына қаншалықты көңіл бөлетінін, бала тәрбиесіне деген көзқарасын да айтып берді. 

"Қолы бос болғанда отбасына көңіл бөледі. Негізі, қатал әке. Көп нәрсеге рұқсат бермейді. Туыстарына жақсы көңіл бөледі. Өз жұртым, қайын жұртым деп бөлмейді. Екі жаққа бірдей қарайды. Бірдей бөліседі. Арманы – бала-шағамызды жақсы тәрбиелеу, ұлымыз жақсы жерден келін алса екен. Қыздарым жақсы жерге тұрмысқа шықса екен деп көп ойлайды", - деді әншінің жары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кенжик (@kenzhebekmuzart)

Жамилә Төлегенова жұбайы өнер адамы болғандықтан, тез толқып кететінін жасырмады. 

"Әке-шешеден ерте айырылғаннан кейін жылап алатын кездері болады. Сағыныш болады. Кенжебек те, мен де анамыздан ерте айырылғанбыз. Сондықтан ол да көрсетпей жылап алады, мен де көрсетпей жылап аламын. Өнер адамы болғандықтан, жүрегі жұмсақ. Тез көңіліне алып қалады, тез толқып кетеді", - деді Жамилә Төлегенова.

Кенжебек Жанәбілов анаға қанша құрмет көрсетілсе де, артық болмайтынын айтты. Ол өзінің шығармашылық ән кешінде анасына арнап ән жазған. 

"Туындының сөзін Қазбек Сағидолла деген  азамат жазды. Ол да анасынан ерте айырылған бала. Әні Еркеш Қасен деген өнердегі інімдікі. Ол да кішкентай кезінде анасынан айырылды. Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді деп ойлаймын. Олар маған әнін де, сөзін де көрсеткен кезде жүрегіме жақын болды. Дайындық кезінде өз-өзімді ұстай алмай қалдым. Әннің басынан аяғына дейін көз жасым келіп, айта алмай шықтым", - дейді әншінің өзі.

Алайда концерт режиссері бұл өте дұрыс екенін жеткізіпті. 

"Ол Кенжебек дұрыс болды, сен ішіңдегіні шығарып алдың деді. Концерт басталуға жақындағанда қорқыныш болды. Ана туралы әнді айтқан кезде бүкіл халық жылады", - деді Кенжебек Жанәбілов. 

Тақырып бойынша

"Маған оны көрсетпеңдер дедім": Гүлзира Айдарбекова келіні туралы сұраққа жауап берді
"Ата-бабама тіл тигізгесін, ашуланып кеттім": Бесбаев кімге ренжігенін айтты
Мейрамбек Беспаев: Атақ үшін қырылысып, өкпелеген талай көкелерді көрдім
"Музарт" тобының әндері қатты ұнайды" Алты бірдей аспапта ойнайтын зағип жігіттің әңгімесі
Желіні шулатқан әнші Жанар Айжанова туралы қызықты деректер
Кілт сөздер:
әйел
Загрузка...

Басты тақырып