01:28 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Микрофон

Танымал әнші концертке ішіп келіп, жұрттың алдында ұятқа қалды - видео

CC0
Шоу-бизнес
Қысқа сілтеме алу
14866 0 0

Ресейлік эстрада жұлдызы қала күніне орай тұрғындардың алдында ерсі би билеп, халықтың ашуына тиген

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік танымал әнші Дима Билан Самарадағы концертке мас болып келіп, жұрттың алдында ұятқа қалды.

8 қыркүйек күні Ресейдің Самара шаһарында қала күні аталып өткен болатын. Мерекеге орай үлкен концерт ұйымдастылып, эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен. Олардың арасында Дима Билан да болды. Бірақ сахнаға шыққан әртіс әндерін дұрыс орындамай, ерсі би билеп, халықтың ашуына тиген көрінеді. Оның бұл қылығын көрермендер видеоға түсіріп алыпты.

Осыдан кейін Дима Билан сахнаға ішімдік ішіп шыққанын мойындап, Самара тұрғындарынан кешірім сұрады. Сонымен бірге балаларға ойын алаңын салып беруге және ауруханаға балаларды емдейтін медициналық құрылғы сатып әперуге уәде етті.

"Достар, сіздерден кеше Самарада өткен концерт үшін кешірім сұраймын. Мен қателестім. Сахнада мас күйімде өнер көрсеттім. Әртістер бөлмесінде достарымды кездестіріп, қонақүйге барған соң, коньяк ішкен едім. Қанша ішкенімді білмей қалыппын", - деді Билан Instagram парақшасындағы видео үндеуінде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dima Bilan (@bilanofficial)

Сондай-ақ әнші қала халқына тегін концерт ұйымдастырып беретінін жеткізді. Қазір ол қала әкімшілігімен осы мәселе бойынша келісіп жатыр екен.

Диман Билан өз тыңдармандарын жақсы көретінін айтып, бұдан былай оларды жерге қаратпауға сөз берді.

Бұған дейін Самара тұрғындары ресейлік әнші халық алдында кешірім сұрасын деген талаппен электронды петицияға қол жинай бастаған болатын.

Тақырып бойынша

"Түк көрмей қалдым деп айқайлады" Әлемге танымал әнші ауруханаға түсті
Танымал әнші тойда төбесінен ақша жаудырып, қонақтарды таңғалдырды – видео
Танымал әнші күтпеген мәлімдеме жасап, жұртты дүрліктірді
"13 жыл бойы кездесіп жүрген": танымал актер мен әнші отау құрды - фото
Кілт сөздер:
видео, концерт, әнші, Дима Билан
Загрузка...

Басты тақырып