19:55 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Әнші Луина

Әнші Луина тұрмысқа шықты - фото

© GAKKU TV/YouTube/Скрин видео
Шоу-бизнес
Қысқа сілтеме алу
12636 0 0

Әртіс әлеуметтік желідегі жеке парақшасында суретін жариялап, тыңдармандарына сүйінші жаңалығын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Луина тұрмыс құрғанын хабарлады. Әртіс сүйінші жаңалығымен Instagram парақшасында бөліскен.

"Мені құттықтасаңыздар болады. Жар атандым", - деп жазды Луина неке қию рәсімінен суретін жариялап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 𝓛𝓾𝓲𝓩𝓪 (@luinaofficial)

Бір күн бұрын әнші тыңдармандарына күйеуге шыққалы жатқанын хабарлап, ғашығына қосылғанша асық екенін жеткізген болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 𝓛𝓾𝓲𝓩𝓪 (@luinaofficial)

Айта кетсек, әнші Луинаның шын есімі – Луиза Кәрінбаева. 1987 жылы 25 мамырда Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Өнерге бала күнінен ғашық болған ару Алматыға келіп, "Х-фактор" байқауында бағын сынайды. Шығармашылық жолы сол жобадан басталыпты.

Луина 2013 және 2014 жылдары Еуразияның музыка жүлдесі EMA бойынша "Жыл әншісі" атанған болатын. Ол өзінің жеке туындыларынан бөлек, шетелдік хит әндерге кавер жазғанды ұнатады.

Тағы оқыңыз: Танымал қазақстандық әнші 2 жыл бойы елдің бетіне неге қарай алмағанын айтты

Кілт сөздер:
фото, үйлену тойы, әнші
Загрузка...

Басты тақырып