Видео

Қазақстандық танымал әнші үш қабатты зәулім үйін көрсетті – видео

CC0 / / Мебель, иллюстративное фото
Мебель, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әнші Шахизада Байбатжанова үш қабатты үй салып алды. Сондай-ақ ол жаңа қонысына жаңа көлікпен көшіп келген

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Қазақстандық әнші Шахизада Байбатжанова жаңа үйге көшті. Бұл туралы әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі жеке парақшасында танымал отандық әнші Шахизада Байбатжанованың жаңа үйін көрсетті. Ол әншіні құттықтап, қуанышымен ортақтасуға барған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

"Жаңа үй, жаңа көлік. Құтты болсын! 3 қабатты үй. Жөндеу жұмыстары бітпепті. Жап-жарық, керемет екен. Кәуап дайындайтын орын да бар", - дейді ол қуанышын жасыра алмай.

Тағы оқыңыз: Бағлан Әбдірайымов 2 жыл бойы елдің бетіне неге қарай алмағанын айтты 

Сондай-ақ Қайрат Нұртастың анасы әншіге ізгі тілегін де білдірді.

"Шахизада құдашамның қуанышына ортақтасып, шашуымызбен кіріп шықтық. Еңбекқорлығында шек жоқ. Таза ауа, керемет көрініс. 3 қабатты шаңырағың құтқа толсын! Көлігің тоза берсін, өмірің оза берсін!", - дейді ол.

Жаңалықтар
0