04:17 22 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD386.44
  • EUR428.37
  • RUB6.06
Димаш Кудайберген выступает на шоу Arnau

Димаштың әуежайдағы әрекеті жұртты таңғалдырды: видеоны 230 млн адам көрген

© Sputnik / Владислав Воднев
Шоу-бизнес
Қысқа сілтеме алу
1938640

Димаш Құдайберген түскен видео аудиториясы жарты миллиард адамға жететін Weibo желісінің үздік үштігіне енді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайбергеннің алмұрт жеп тұрған видеосы бірнеше сағатта 230 миллион рет қаралды.

"Фотообъективтерге қарамастан, әуежайда алмұрт жедім, келгеннен кейін оны Weibo (Instagram-ның қытайлық нұсқасы) желісінен 230 миллион адамның көргенін білдім. Сол кездегі сезімді айтсаңызшы. Сонда бұл өзі қандай алмұрт?", - деп таңғалды Димаш.

View this post on Instagram

A post shared by Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash) on

Видео әлеуметтік желіде танымалдығы бойынша үшінші орында тұр.

Жазба Қытайдың әлеуметтік желісінде "Шанхайдың қоқыс сұрыптау жүйесі салдарынан Димаш алмұртты сүйегімен бірге жеп қойды" деген жазумен жарияланды.

Атап өтсек, жазда Шанхайда қоқысты бөлек жинау туралы жаңа ережелер енгізілді. Қалалықтар оны төрт топқа сұрыптауы тиіс. Ал ереже сақтамағандарға айыппұл салынады.

Тағы оқыңыз: Нью-Йорктегі жеке концерт: Димаш тыңдарманын қалай таңғалдырмақ?

Димаш туралы ақпарат порталының коммерциялық директоры Назым Жанғазинова алмұрт туралы оқиғаны әншінің анасы Светлана Айтбаеваның сөзіне сүйеніп, баяндап берді.

Оның айтуынша, Димаштың жанкүйерлерінің бірі одан жемістің қалдығын сыйға тартуын сұраған. Бұдан ыңғайсызданған әнші алмұртты толығымен жеп қойды. Осы сәт камераға түсіп қалыпты.

Назым Жанғазинованың айтуынша, енді фанаттар алмұрт ағаштарын жаппай отырғызуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, 22 қазанды халықаралық алмұрт мерекесі деп жариялау туралы ұсынысты белсенді түрде талқылауда.

Sina Weibo – Қытайдағы ең танымал сайттардың бірі және микроблог желісі. Ол 2009 жылғы 14 тамызда іске қосылған. Желіде жарты миллиардтан астам адам тіркелген. Күнделікті пайдаланушылардың орташа саны – 200 миллион адам.

Тақырып бойынша

"Басына бақ қонды": Қазақстанда қандай әншілер бір әнімен жұлдыз болды?
"Жылама!": Димаш фанаттарымен қалай қоштасқанын көрсетті – видео
Димаштың жаңа клипі шықты – видео  
Димаш желідегі жазбасымен фанаттарының көңіліне түрлі ой салды
Димаш Құдайберген желіде жүрек елжіретерлік видео жариялады
Кілт сөздер:
желі, видео, Қытай, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып