22:00 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Микрофон, архивтегі сурет

"Ешқашан орнын толтыра алмаймын": қазақстандық әнші ағынан жарылды – видео

CC0
Шоу-бизнес
Қысқа сілтеме алу
2274 0 0

Дастан Оразбеков өмірдегі өкініші мен өнердегі ұстанымы туралы айтты. Сондай-ақ, әнші нені армандайтынын да жасырмады

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Дастан Оразбеков "Орда" тобының тағдыры, жеке шығармашылығы, армандары туралы айтты.

"Қарақатпен шай" бағдарламасында әнші Дастан Оразбеков өмірдегі өкінішін сөз етті. Оның айтуынша, бұл жағдай әкесінің соңғы өтінішімен байланысты. 

"Жаспыз ғой, жастықтың кесірінен болған қателік. Ой түйгенмен де, ол қателіктің ешқашан орнын толтыра алмаймын. Әкем менің қолымнан кетті. Мен қасында отырған соңғы адам болдым. Маған "темекі берші" деді, өзінің өкпесі ауыратын. Мен темекі бермейтінімді айттым. Бес минуттан соң әкем қайтыс болды. Бұл әкемнің соңғы арманы болды, бере салу керек еді", - деп өкінішін жеткізді әнші. 

Дастан Оразбековтың айтуынша, майда-шүйде өкініш деген бәрінің өмірінде болады. Алайда осындай ең ауыр өкініштің орны бөлек.

"Ол кезде 27 жаста болдым. Анама күнде хабарласып тұрамын. Ол бізге үлгі. Анам барлық бауырымның жағдайын айтып береді", - деді Оразбеков.

Әнші өзінің арманымен де бөлісті. Ол бес бөлмелі пәтер алуды қалайды екен. Сондай-ақ, қыз сүюді армандайтынын айтты. 

"Содан кейін өнерде өзім көздеген деңгейге жетуді мақсат етіп отырмын. Ол - Қазақстанда тұрып, әлемге танылу", -дейді танымал әнші. 

Тағы оқыңыз: "Жанымды жегідей жейді" Азамат Сатыбалды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті

Өнер туралы сауалға жауап берген Оразбеков халықтың қандай сынынан көңілі қалғанын да жасырмады. 

"Түркияға Turkvision–ге барған болатынбыз. "Орда" тобымен екінші орын алдық. Біраз адам бұл орынды сатып алғанымызды жазды. Өз еңбектеріңмен тапқан жоқсыңдар. Басқа біреуді жібергеніміз дұрыс еді деген сияқты орынсыз сын айтты", - дейді ол.

Бағдарламада әнші "Орда" тобының тағдыры, жеке шығармашылығы, сауатсыз әндер туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, астанаға неге көшкенін айтты.

Тақырып бойынша

Жанар Хамитовамен дуэт орындаған әнші оның соңғы өтінішін айтты
Жаманқұлов Нұрғали Нүсіпжановтың үйленуіне қатысты ойын ашық айтты
Танымал қазақстандық әнші 2 жыл бойы елдің бетіне неге қарай алмағанын айтты
Танымал әнші концертке ішіп келіп, жұрттың алдында ұятқа қалды - видео
Қазақстандық танымал әнші үш қабатты зәулім үйін көрсетті – видео
Кілт сөздер:
сұхбат, қазақстандық шоу-бизнес, әнші
Загрузка...

Басты тақырып