00:49 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Жазира мен Жанболат, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары

Жазира мен Жанболат 22 жылдан кейін сәбилі болды

әншінің желідегі парақшасынан
Шоу-бизнес
Қысқа сілтеме алу
834730

Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желі қолданушыларынан сүйінші сұрап, жақсы жаңалығымен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық танымал әншілер Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова 22 жылдан кейін екінші сәбиін сүйді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы хабарды Жазира Байырбекова Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

"Бірнеше ай бұрын орын алған отбасымыздағы қуанышымызбен бөлісуге папамыздан бүгін рұқсат алдық", - деді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Сонымен қатар ол ізгі тілектерін жаудырған желі қолданушыларына алғысын білдірді.

Ал жұлдызды жұптың 22 жастағы үлкен ұлы Қазбек Қожахметов ата-анасына барынша көмектесіп жүргенін айтып, сәбидің есімін өзі қойғанын хабарлады.

Тағы оқыңыз: Жазира мен Жанболат туралы не білеміз?

"Бұл жаңалыққа алғаш сіздер куә болып тұрсыздар. Өмірге бір адам ел жаулау үшін, бір адам ел басқару үшін, бір адам махаббат үшін, ал мен жанұяма қызмет ету үшін келдім. Ата-анама тек баласының рөлін сомдап емес - досы, директоры, қамқоршысы, көмекшісі, екі жұптың халықты қуантуға септігін тигізуші ретінде Құдайдың маған берілген тапсырмасын түсінгендеймін. Дара қарындасымды қандай жоспар күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Бірақ Дара есімін қойған себебім, 22 жылдан кейін туған, ерекше күнтізбеде туылған, біздей мықты отбасын таңдаған, ең бастысы Қазақ елінде туған, ерекше - Дара атқа ие болды!", - дейді ол Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Айта кетейік, Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова 1996 жылдың 7 маусымында отбасын құрған.

Тақырып бойынша

Қазақстандық эстрада жұлдыздары Төреғалидің тойынан суреттерін жарыса жариялады
"Аузымыз аңқиып күтетінбіз" Әншілер бала кезде Аяз атадан қандай сыйлық сұрағанын айтты
Кілт сөздер:
жаңа туған сәби, әншілер, Жазира мен Жанболат
Загрузка...

Басты тақырып