12:13 27 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Медицинский университет. Архивное фото

Жоғары оқу орындар грант ала алмаған "Алтын белгі" иегерлерін тегін оқытуға дайын

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
21 0 0

Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындары өз қаражаты есебінен мемлекеттік білім гранттарын ала алмай қалған 45 "Алтын белгі" иегерлерін оқытуға дайын екендігі туралы мәлімдеді.

АСТАНА,  17 там – Sputnik. Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындары өз қаражаты есебінен мемлекеттік білім гранттарын ала алмай қалған 45 "Алтын белгі" иегерлерін оқытуға дайын екендігі туралы мәлімдеді.

Министрліктің бастамасын оншақты қазақстандық ЖОО ректорлары қолдап, бүгін олардың бөлгелі отырған гранттық орындар саны да белгілі болды: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – он, Тұран университеті – он, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – бір, Қазақ мемлекеттік заң университеті – он бес, Нархоз университеті – үш, С. Демирел атындағы университет – екі, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті — бір, Алматы менеджмент университеті – бір, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – екі орын.

Министрліктің атап өтуінше, мұндай жағдай "Алтын белгі" иелерінің бәсекелестік деңгейі жоғары, әрі мемлекеттік тапсырысы аз бөлінетін мамандықтарды таңдауларынан туындап отыр.

Осылайша, биыл мемлекеттік білім гранттарын ала алмай қалған 45 "Алтын белгі" иегерінің 19-ы экономикалық, 8-і – халықаралық қатынастар, 14-і – заңгерлік, 4-і – аудармашылық мамандықтарын таңдаған.

Ал елімізде мемлекеттік білім гранттарының негізгі бөлігі еңбек нарығында сұранысы жоғары, ел экономикасына аса қажетті техникалық және технологиялық мамандықтарға, атап айтқанда, көлік техникасы, құрылыс, радиотехника, электроника, телекоммуникациялар, нанотехнологиялар, тағы солай сияқты көптеген басқа мамандықтарға бөлініп отыр.

Басты тақырыптар