Қоғам

Астанада босанған жас ананың өліміне байланысты сотталған дәрігерлер сот залынан босатылды

© AP Photo/Thomas Kienzle/POOLСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апелляциялық сот алқасы Астана қаласы босанған жас ананың өлімі үшін сотталған №2 Перинаталдық орталығының дәрігерлері Владимир Калашников пен Григорий Азаровтың үкімін жеңілдетті. Оларға тағайындалған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы бір жылға бостандығын шектеуге өзгертілді.

АСТАНА, 18 там –  Sputnik. Апелляциялық сот алқасы Астана қаласы босанған жас ананың өлімі үшін сотталған №2 Перинаталдық орталығының дәрігерлері Владимир Калашников пен Григорий Азаровтың үкімін жеңілдетті. Оларға тағайындалған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы бір жылға бостандығын шектеуге өзгертілді. Сонымен қатар медициналық қызметпен айналысу құқығы да қалды, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына сотталған дәрігерлердің бірінің адвокаты Темірәлі Тәшімбетов.

Бұрын Калашников пен Азаровты бір жылдан бас бостандығынан айыруға соттаған. Сондай-ақ, жазасын өтеген соң екі жыл дәрігерлік қызмет атқаруына тыйым салынған.

"Апелляциялық сот алқасының үкімді жеңілдетуге байланысты Григорий Азаров пен Владимир Калашников сот залынан босатылды. Оларға  медициналық қызметпен айналысу құқығын қалдырып, бір жылға бостандығын шектеуге жазасы тағайындалды. Шешімге шағым түсірмейміз", — деді Тәшімбетов.

Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, сот қайтыс болған жас ананың отбасына бес миллион теңге өтем ақы төлеу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Жаңалықтар
0