Қоғам

Астанада Желтоқсан көшесі жабылады

© SputnikДорожно-патрульная полиция
Дорожно-патрульная полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыркүйектің 15-і мен 30-ы аралығында жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Желтоқсан көшесінің Кенесары көшесінен Ирченко көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.

АСТАНА, 14 қыр — Sputnik. Астанада Желтоқсан көшесі жабылады деп хабарланады елорданың ресми сайтында.

Қыркүйектің 15-і мен 30-ы аралығында жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Желтоқсан көшесінің Кенесары көшесінен Ирченко көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.

Бұқарбай батыр көшесінен Ирченко көшесіне дейінгі бірінші учаскеде 15-19 қыркүйек аралығында, ал Бұқарбай батыр көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі екінші учаскеде 20-30 қыркүйек аралығында қозғалыс толық тоқтатылады.

Сонымен қатар, 17-30 қыркүйекте Желтоқсан көшесінің Абай даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс жартылай шектеледі.

Жүргізушілерді жолдарда мұқият болуға және жол бағдарларын алдын ала жоспарлауға шақырамыз.

Жаңалықтар
0