07:48 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Құрбан айт, айт, қайырымдылық

Еуропалық қазақтар Атажұртқа айттық таратты

© Foto: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
57 0 0

Қасиетті Құрбан айттың бірінші күні, яғни 12 қыркүйекте атымтай азамат Өмірхан Алтын бастаған Еуропа қазақтарның шалған құрбандық малдарының етін Астана қаласынның әлеуметтік жағадайы төмен тұрғындарына таратты.

АСТАНА, 14 қыр — Sputnik. Еуропалық қазақтар Атажұртқа айттық таратты деп хабарланады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында.

Қасиетті Құрбан айттың бірінші күні, яғни 12 қыркүйекте атымтай азамат Өмірхан Алтын бастаған Еуропа қазақтарның шалған құрбандық малдарының етін Астана қаласынның әлеуметтік жағадайы төмен тұрғындарына таратты. Шараны ұйымдастырып отырғандар Алаштың ардақты ұлдарының бірі, дін қайраткері Зуқа қажы Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойын ұйымдастыру алқасы мен «Зуқа батыр Сәбитұлы қоры» Қоғамдық қоры. Арнайы жүк көліктерімен үй-үйлерді аралап, пәтер жалдап тұрып жатқан жағдай төмен отбасыларға құрбан етінен айттық таратты.


Ұйымдастыру алқасының төрағасы, халықаралық тәуелсіз журналист, қоғамқайраткері Өмірхан Алтын: «Бұл шаралар бүкіл ғұмырын  кедей-кепшіктерді, жарлы-жақпай мен қуғын-сүргіндегі ағайындарды қорғауға, пана болуға арнаған, ел-жері үшін шахит болған атақты Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. Біздің Европадағы ағайындар биылғы құрбан айттық құрбандықтары мен силықтарын Қазақстандағы дағдарыстан қиындық көріп отырған елге және Монғолиядағы су тасқынынан зардап шеккен ағайындарға аранап отыр» — деді.

Ұйымдастыру алқасының мүшесі, тәуелсіз журналист, ақын Бейсен Ахметұлының айтуынша, Астана қаласында  58 қой сойылып, 250 ден астам отбасына үлестірілген. Ал Монғолия жерінде 600 ден астам мал еті сондағы қазақтарға таратылды. Сойнай-ақ киім-кешектер мен оқу құралдарын да таратылғандығын жетікізді.
Ұйымдастыру алқасының төрағасы, халықаралық тәуелсіз журналист, қоғамқайраткері Өмірхан Алтын: «Бұл шаралар бүкіл ғұмырын  кедей-кепшіктерді, жарлы-жақпай мен қуғын-сүргіндегі ағайындарды қорғауға, пана болуға арнаған, ел-жері үшін шахит болған атақты Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. Біздің Европадағы ағайындар биылғы құрбан айттық құрбандықтары мен силықтарын Қазақстандағы дағдарыстан қиындық көріп отырған елге және Монғолиядағы су тасқынынан зардап шеккен ағайындарға аранап отыр» — деді.

Ұйымдастыру алқасының мүшесі, тәуелсіз журналист, ақын Бейсен Ахметұлының айтуынша, Астана қаласында  58 қой сойылып, 250 ден астам отбасына үлестірілген. Ал Монғолия жерінде 600 ден астам мал еті сондағы қазақтарға таратылды. Сойнай-ақ киім-кешектер мен оқу құралдарын да таратылғандығын жеткізді.

Басты тақырыптар