05:12 28 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Мекке

Орыс тілі - Меккеде ТМД-дан қажылыққа барушылар арасында ең танымал тіл

Associated Press
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
223 0 0

Ресейден және ТМД-дан бір палаталық қалашықта тұрып жатқан мұсылмандар бір-бірімен тек орыс тілінде сөйлеседі.

АСТАНА, 15 қыр —Sputnik.  Ресейден және ТМД-дан бір палаталық қалашықта тұрып жатқан мұсылмандар бір-бірімен тек орыс тілінде сөйлеседі деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.

Орыс тілді қажыға барушылар Мина палаталық қалашығында орналасқан. Татарстаннан келген қажылыққа барушылардың қасында дағыстандықтар, шешендер, ингуштар және Ресей халықтарының өзге де өкілдері, сондай-ақ Тәжікстан, Өзбекстан және ТМД басқа елдерінен қажылыққа барушылар бар.

"Бәрі –татарлар, шешендер, ингуштар, басқа да ресейліктер, сондай-ақ Тәжікстан, Өзбекстан және өзге мемлекеттер түсінетін жалғыз тіл— орыс тілі. Бәріміз бірдей татар немесе араб, шешен және өзбек тілін білмейміз. Сондықтан бір-бірімізбен тек орыс тілінде сөйлесеміз", —деп хабарлады РИА Новости агенттігіне Татарстаннан келген қажылыққа барушылар тобының басшысы Марат Марданшин.

Ресейлік қажылыққа барушылардың айтуынша, "алыстағы шетел" ислам қоғамдастығының өкілдері Ресейден және ТМД-дан делегация орналасқан лагерді "орыс" деп атағанын талай көрген.

Басты тақырыптар