08:13 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
Scat әуе компаниясының UP CJ 008  ұшағы

Scat және Qazaq Air өз борттарында Galaxy Note 7 -ні пайдаланбауды сұрайды

© Foto: Официальная страница авиакомпании "Scat" в соцсетях
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
138 0 0

Scat және Qazaq Air әуе компаниялары өзінен-өзі жану оқиғаларынан кейін жолаушылардан өз борттарында Samsung Galaxy Note 7-ні пайдаланбауды сұрайды.

АСТАНА, 16 қыр —Sputnik.Scat және Qazaq Air әуе компаниялары өзінен-өзі жану оқиғаларынан кейін жолаушылардан өз борттарында Samsung Galaxy Note 7-ні пайдаланбауды сұрайды.

"Құрметті жолаушылар, SCAT Әуекомпаниясы және Азаматтық Авиация комитеті Samsung Galaxy Note 7 гаджеттеріне қатысты болған оқиғаларға байланысты ұшар алдында гаджеттерді сөндіруді, әуе кемесінің бортында ұшу барысында телефонды зарядтау құрылғысын қоспауды, сондай-ақ гаджетті багажда тасымалдау үшін оны сөндіруді сұрайды",-делінген SCAT таратқан хабарламада.

Компания жолаушылардан "ең алдымен ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты" осы жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.

"Багажда тасымалдауға болмайды. Бортта тасымалдауға болады, бірақ телефон толық сөндірілуі тиіс", — деп хабарлады Sputnik-ке Qazaq Air әуе компаниясынан.
Бұдан бұрын "Air Astana" компаниясы жолаушыларға бортта Samsung Galaxy Note 7-ні қосудан және қуаттандырудан, сондай-ақ тапсыратын багажда  тасымалданудан бас тартуға кеңес берген болатын.

Galaxy Note 7 сатылымы әлемнің он елінде 19 тамызда басталды. БАҚ-та хабарлағандай, Samsung  Galaxy Note 7-ні сатуды қуаттандырғышының жарылу мүмкіндігі салдарынан тоқтатады.

Содан кейін компания Galaxy Note 7 барлық жаңа смартфондарын жаңасына ақысыз айырбастайтынын жариялады. Телефондағы ақаудан қысқа тұйықталу болуы мүмкін екендігі, оның қуаттандырғышты қыздыратыны атап көрсетілді.

Басты тақырыптар