Қоғам

ДСӘДМ дәрі-дәрмекті қабылдағаннан соң аллергиядан қайтыс болу туралы мәліметті жоққа шығарды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуПрием лекарств
Прием лекарств - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасына және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жалған ақпаратты таратудың жолын кесуге шара қолдану туралы хат жолдаған болатын.

АСТАНА 19 қыр — Sputnik.  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әлеуметтік желілерде адамдардың медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған екендігін хабарлайды.

Министрдліктің мәліметінше, Whats аpp мессенджері мен әлеуметтік желілерде медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан адамдардың қайтыс болғаны туралы таратылған ақпарат жалған болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрілік құралдардың жанама әсеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады.

"2016 жылғы 19 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша аллергиялық реакция туындатып, балалардың өлім-жітіміне себеп болды деген дәрілік құралдар (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), алклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол және санасол) туралы ешқандай шұғыл мәлімет келіп түскен жоқ",-делінген хабарламада.

Осы уақытқа дейін whats app мессенджері мен әлеуметтік желілерде осы тәріздес шындыққа жанаспайтын ақпарат бірнеше рет таратылған болатын. Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасына және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жалған ақпаратты таратудың жолын кесуге шара қолдану туралы хат жолдаған болатын.

Жаңалықтар
0