20:47 26 Мамыр 2017
Тікелей эфир
тергеу изоляторы

Алматы прокуроры Слекшинаға қысым көрсету туралы тергеуді бақылауына алды

© Sputnik / Алексей Филиппов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
74 0 0

Алматы прокуратурасы алматылық тергеу изоляторының қызметкерлерін өзін зорлады деп айыптаған Наталья Слекишина мен оның адвокатының қысым жасалды деген арызы Сотқа дейінгі біріңғай реестрге тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның барысы Алматы прокуратурасының бақылауына алынды.

АСТАНА, 21 қыр — Sputnik. Алматы прокуратурасы алматылық тергеу изоляторының қызметкерлерін өзін зорлады деп айыптаған Наталья Слекишина мен оның адвокатының қысым жасалды деген арызы Сотқа дейінгі біріңғай реестрге тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның барысы Алматы прокуратурасының бақылауына алынды.

"Слкишина мен оның адвокаты жазған арыз Сотқа дейінгі біріңғай реестрге тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы қаласы прокурорының бақылауында. Прокуратура өкілдері сотта мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысып жатыр және жәбірленушінің құқығының бұзылуына жол бермейді", — делінген ведомствоның хабарламасында.

Баспасөз баянға сәйкес, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін және қысымның болған-болмағандығын анықтау мақсатында прокурорлар тексеріс жасаған.

"Жағдайды толығымен бақылауда ұстау үшін қала прокуроры Берік Асылов Слекишина мен оның қорғаушысы Айман Омарованы қабылдаған. Осыған дейін, бірінші орынбасар Берік Жүйріктаев Слекишина отырған камераға барып әңгімелескен. Слекишина прокурорларға қылмыстық іске байланысты барлық наразылығын айтты. Алайда, іс жабық түрде өтіп жатқандықтан, қылмыстық істің жай-жапсары айтылмайды", — делінген бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Слекишина өзінің кәмелетке толмаған балалары үшін алаңдаулы. Қала прокуратурасы балаларға қажетті көмек көрсетуді өз мойындарына алды. Қазіргі уақытта Слекишина отырған жерді прокуратура қызметкерлері үш рет тексеріп отырады. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тәулік бойы күзетіп отырады.

Басты тақырыптар