05:07 28 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Шешен Республикасы президентінің міндетін уақытша атқарушы Рамзан Кадыров

Кадыров қайырымдылық жасаушыларға арналған қазақстандық сыйлыққа ұсынылды

© Sputnik / Саид Царнаев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
43 0 0

"Қазақстанның дамуына үлес қосқаны үшін" номинациясына Элиф есімді кішкентай қыздың анасы Айнұр Нұржанова Рамзан Кадыровты ұсынды.

АСТАНА 21 қыр — Sputnik. Шешен Республикасы басшысының міндетін атқарушы Рамзан Кадыров Павлодар облысынан қызды емдеуге көмек көрсеткені үшін қазақстандық "Алтын Жүрек" сыйлығына ұсынылды деп хабарлады  Sputnik-ке сыйлықтың басты үйлестірушісі Гүлзат Сахова.

"Біз жыл сайын 11 номинация бойынша қайырымдылықпен айналысатындардың барлығын марапаттаймыз. Солардың бірі — өзге ел азаматтары қатыса алатын "Қазақстанның дамуына үлес қосқаны үшін" номинациясы. Оған Элиф есімді кішкентай қыздың анасы Айнұр Нұржанова Рамзан Кадыровты ұсынды. Біз енді Рамзан Кадыровқа хат жаздық, алайда жауап алған жоқпыз. Әрине, одан жауап күтеміз", — деген Сахова сыйлықтың тарихында осындай лауазымды адамның алғаш рет ұсынылып отырғанын айтты.

Элиф Нуржанова из Павлодарской области, лечение в Турции которой оплатил Рамзан Кадыров
Фото предоставлено организаторами премии "Алтын жүрек"
Элиф Нуржанова

Ол Шешен президенті Түркияда омыртқа жарығын емдеуге 10,5 мың долларды Павлодар облысы Екібастұз қаласынан туғаннан ауыратын кішкентай қыздың операциясына төлеген соң сыйлыққа ұсынылғанын айтты.

"Үміткерлер арасында өзге елдердің де азаматтары бар, атап айтқанда, Семейде хоспис салған ирландық қайырымдылық қорынан Фиона Коркоран. Сондай-ақ, Қазақстанның мүгедек балаларына шетелде емделуге көмектесетін Ресей азаматшасы Анна Вербина", — деп атап айтты сыйлықтың басты үйлестірушісі.

Элиф Нуржанова из Павлодарской области, лечение которой оплатил Рамзан Кадыров
Фото предоставлено организаторами премии "Алтын жүрек"
Элиф Нуржанова на лечении

Сонымен қатар, оның айтуынша, үміткерлерден атақты қазақстандықтар арасында Риода Олимпиадада алтын медаль алған боксшы Данияр Елеусінов бар, ол өзінің барлық сыйлығы — 10 миллион теңгені – мүгедек балаларға аударған.

Жалпы алғанда, Сахова хабарлағандай, өткен жылы шамамен 100 үміткер болса, биыл олардың саны 150-ден асқан. Әр номинацияға екі адам ұсынылады, олардың біреуі таңдалады деп жоспарлануда.

"Алтын Жүрек" ұлттық қоғамдық сыйлығы 2007 жылдан бері жыл сайын тапсырылады. Дәстүр бойынша сыйлықты тапсыру  рәсімі қазанның соңында өткізіледі.

Басты тақырыптар