08:12 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
Арнайы ХҚКО. Мұрағаттағы сурет

Қазақстанның арнайы ХҚКО-лары жүйедегі ақау салдарынан жұмысын тоқтатты

© Foto: Госкорпорация "Правительство для граждан"
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
29 0 0

Қазіргі уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүйені қалпына келтірудің болжамды уақыты—21 қыркүйекте сағат 18:30."Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы және ІІМ әкімшілік полициясы халықтан ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

АСТАНА 21 қыр — Sputnik. Қазақстандағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары  жүйедегі ақау салдарынан жұмысын тоқтатты деп хабарлайды "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясынан.

"ІІМ жүйесіндегі ақауларға байланысты Қазақстан Республикасы территориясындағы арнайы халыққа қызмет көрсеут орталықтары келушілерге уақытша көмек көрсете алмайды. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", — делінген корпорациясының Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

"2016 жылдың 21 қыркүйегінде ІІМ әкімшілік полициясының комитетіндегілер арнайы ХҚКО-да, тіркеу бөлімшелері мен ІІМ арасындағы арналарда пайда болған ақауларға байланысты аталған бөлімшелерде мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігі жоқ",-делінген комитеттің Facebook-тегі бетінде.

Қазіргі уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүйені қалпына келтірудің болжамды уақыты—21 қыркүйекте сағат 18:30.

"Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы  және ІІМ әкімшілік полициясы халықтан ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Басты тақырыптар