00:21 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Тас, мұсылмандар, лақтыру, қажылық

Шайтанға лақтырылған тастар қайда кетеді?

© Foto: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
121 0 0

Көпшіліктің көкейінде жамарат қабырғасында шайтанға лақтырылған тастар қайда кететіні туралы сауал туындайды.

АСТАНА 21 қыр — Sputnik. "Әл-Жазира" телеарнасы Мекке қаласында қажылық кезінде өтетін жамарат рәсімі туралы арнайы сюжет көрсетті деп хабарланады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында.

Көпшіліктің көкейінде жамарат қабырғасында шайтанға лақтырылған тастар қайда кететіні туралы сауал туындайды.

Жамарат көпірі бірнеше қабаттан тұрады. Түсіру тобы жер бетінен 15 мерт төменде орналасқан тастар жиылатын үңгірге түсіп, ондағы тастардың жиылу, сұрыпталу сәтіне куә болды.
Шайтанға лақтырылған жүз миллиондаған тастар әртүрлі өлшемдегі құбырлар арқылы алып бункерге жиналады. Тастар автоматты түрде сұрыпталады. Коллекторлы құбыр тастарды қайта жоғары көтеріп, жүк көліктеріне тиеуге арналған электр есігімен және транспортермен қамтамасыз етілген. Ал тас тиелген көліктер қаладан тысқары қоқыс аймағына жөнелтіледі.

"Әл-Жазира" тілшісінің айтуынша, үлкен қажылық рәсімдері аяқталғаннан кейін жерасты бункерінде шамамен 1 000 тонна тас жиналады.

Басты тақырыптар