Қоғам

ҚР перзентханаларында баланың туылуы туралы қызметтерді рәсімдеуге болады

© Sputnik / Igor СhabanenkoАрхивное фото обхода врача в родильном отделении
Архивное фото обхода врача в родильном отделении - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жаңа пилоттық жобаны іске қосты, бұл жоба шеңберінде баланың туылуы туралы қызметтерді рәсімдеуге болады.

АСТАНА, 22 қыр — Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жаңа пилоттық жобаны іске қосты, бұл жоба шеңберінде баланың туылуы туралы қызметтерді рәсімдеуге болады.

Композитті қызмет көрсету барлық 4 қызметке бір уақытта перзентханада өтініш қабылдауды білдіреді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, композит "Баланың туылуын тіркеу, оның ішінде азаматтық ахуал актілері жазбаларына өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу", "Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау", "Әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу" және "Мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды балалар мектепалды ұйымдарына жіберу үшін кезекке қою" қызметтеріне қатысты болып табылады.

"Осы жылдың наурыз айында Әділет министрлігі баланың туылуын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тіркеуге өтінішті 3 жұмыс күні ішінде берулері тиіс деген өзгерістер енгізген. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін осы және оған ілеспе қызметтерді композиттік түрде көрсету мүмкіндіктерін қарастырдық. Бұл қазақстандықтардың өмірін жеңілдетіп, уақыттарын үнемдейді" — деді Құмарғалиев.

Жаңалықтар
0