05:47 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Компьютер, интернет

ҰҚК: Желідегі терроризм туралы жүздеген материалдар қазақстандықтарға бағытталған

© Public Domain
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
115 0 0

Интернетте ай сайын пайда болып жатқан 400-ге жуық материалдар қазақстандық аудиторияға бағытталған, деп мәлім етті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.

АСТАНА, 22 қыр — Sputnik. Интернетте ай сайын пайда болып жатқан 400-ге жуық материалдар қазақстандық аудиторияға бағытталған, деп мәлім етті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық билік ғаламтор арқылы экстремистік бағыттағы материалдарды тарату арналарын анықтау, бақылау және жолын кесу бойынша кешенді жүйесін жүргізуде. Ресейлік әлеуметтік желі әкімшілі (ВКонтакте, Одноклассники, mail.ru) мен батыс әріптестермен(Facebook, Twitter, Youtube) жолға қойылған ынтымақтастық террористік және экстремистік сипаттағы материалдарың елеулі көлемін жою мүмкін болды.

"Ай сайын ғаламторда террористік мазмұны бар әртүрлі сипаттағы 70 мыңға жуық материал пайда болады. Олардың 400-ге жуығы қазақстандық аудиторияға бағытталған", — деді Білісбеков Астанада өтіп жатқан "Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары" тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.

Басты тақырыптар