08:12 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
Қоғам

Назарбаев Петропавл әуежайын жаңғырту барысымен танысты

Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Назарбаевтың өңірлерге сапарлары (10)
28 0 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Петропавл қаласындағы халықаралық әуежай ғимаратын аралап көрді.

АСТАНА 22 қыр — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде  Петропавл қаласындағы халықаралық әуежай ғимаратын аралап көрді деп хабарлайды Ақорданы баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалын қайта жаңарту барысымен танысты.

Елбасыға ұшақты рульмен бағыттау жолағын, перронды, жарық беру жабдығы мен жолаушылар терминалын жаңғырту жұмыстары, сонымен қатар әуежайды одан әрі жетілдіру перспективалары туралы баяндалды.

Петропавл қаласындағы халықаралық әуежай нормативтік мүмкіндігі бойынша сағатына 200 жолаушы өткізе алады. Аэровокзал ғимаратының жалпы алаңы – 2 400 шаршы метр.

Бұдан басқа, жұмыс сапары аясында осы өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік саланың және көлік инфрақұрылымының бірқатар нысандарын аралап көру жоспарланған. 

Тақырып:
Назарбаевтың өңірлерге сапарлары (10)

Басты тақырыптар