Қоғам

СІМ:қазақстандық Бахрейндегі сексуалдық күңдіктен құтқарылды

© SputnikМИД РК
МИД РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның жас азаматшасы Бахрейндегі сексуалдық күңдіктен құтқарылды.

АСТАНА 22 қыр — Sputnik. Қазақстанның жас азаматшасы Бахрейндегі сексуалдық күңдіктен құтқарылды деп хабарлады Қазақстан СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Бұрын хабарланғандай, Бахрейнге жұмысқа кеткен 18 жасар Қарағанды тұрғыны жеңгетайлардың қолына түскен.

"Қазіргі уақытта біздің азаматша қазақстандық дипломаттардың көмегімен босатылды.Ол қауіпсіздікте. Бахрейн полициясы қажетті тергеу шараларын жүргізуде.  Біздің дипломаттарға ол денсаулығына шағым жоқ екенін, өзін жақсы сезінетінін айтты", — деді Жайнақов.

Марракеш - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстандық бойжеткен өзін Бахрейннен сексуалдық күңдіктен құтқаруды сұрады
Қазақстан азаматшасын босатудың жай-жапсарын сыртқы саясат ведомствосынан әзірге ашып айтпады. "Ең бастысы, қазір ол қауіпсіз жерде және полицияның қорғауында. Дипломаттар онымен байланыста", — деп атап айтты Қазақстан СІМ ресми өкілі.

Сонымен қатар, ол оның қайтуы туралы мәселе тергеу шараларын өткізгеннен кейін шешілетінін айтты."Қазір бұл мәселе бойынша бірдеңе айту ерте", — деп қорытындылады Жайнақов.

Жаңалықтар
0