08:11 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
Астық жинаудың мұрағаттық суреті

Назарбаевқа Қостанай облысы АӨК дамуы туралы баяндалды

© Sputnik / Сергей Пивоваров
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Назарбаевтың өңірлерге сапарлары (10)
85 0 0

Өңір ауыл шаруашылығы тауарын ең көп көлемде шығаратынына қарамастан, жаңа ғылыми жетістіктерді ескеріп, саланы жаңғырту керек деп есптейді ҚР президенті.

АСТАНА, 23 қыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және өткізумен айналысатын "Өтеулин" шаруа қожалығына барып, аграрлық кәсіпорын қызметімен, сондай-ақ егін алқабының жай-күйімен танысты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан Президентіне Қостанай облысындағы астық жинау науқаны мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерімен әңгімелесті.

"Қостанай  облысы ауыл шаруашылығы тауарын ең көп көлемде шығаратын өңір болып саналады. Мемлекет ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуін жалғастыра береді. Осы саланы ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерін ескеріп, озық шетелдік тәжірибені зерделей отырып жетілдіру қажет. Бұл ауыл шаруашылығын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді", – деді Мемлекет басшысы.

Аграрлық сала еңбеккерлері Қазақстан Президентіне өңірге жан-жақты қолдауы және ауыл шаруашылығы саласында жүргізіп отырған тиімді саясаты үшін алғыстарын білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға жемісті жұмыс пен зор табыс тіледі.

Тақырып:
Назарбаевтың өңірлерге сапарлары (10)

Басты тақырыптар