Қоғам

Дүниежүзілік жүрек күніне орай кардиологтар консультациялары ұйымдастырылады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуДонор. Архивное фото
Донор. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада Дүниежүзілік жүрек күні қарсаңында 28 қыркүйекте сағат 14.00-ден 17.00 дейін Республика даңғылы, 45 мекен жайы бойынша орналасқан «Мечта» сауда үйінде "Жүректі сақтаңыз" акциясы өтеді.

АСТАНА, 27 қыр – Sputnik. Астанада Дүниежүзілік жүрек күні қарсаңында 28 қыркүйекте сағат 14.00-ден 17.00 дейін Республика даңғылы, 45 мекен жайы бойынша орналасқан "Мечта" сауда үйінде "Жүректі сақтаңыз" акциясы өтеді.

Шара барысында астаналықтар кардиолог дәрігерден кеңес ала алады. Сондай-ақ, мамандар қанның құрамындағы холестерин мен қант деңгейін анықтайды, қан қысымын өлшейді.

Консультация беру мен диагностика жасау тегін болады.

Айта кетейік, Дүниежүзілік жүрек күні 29 қыркүйекте аталып өтіледі.

Жаңалықтар
0