12:14 27 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Тұрғын үй кешені құрылысының мұрағаттық суреті

Қазақстанда "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасының тұжырымдамасы даярланды

© Sputnik / Александр Вильф
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
478 0 0

Қазақстанда "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы даярланды, қазіргі уақытта ол талқылануда, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

АСТАНА 27 қыр — Sputnik. Қазақстанда "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы даярланды, қазіргі уақытта ол талқылануда, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

"Қазіргі уақытта бағдарламаның тұжырымдамасы дайын, ол үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен келісілуде", — деді  Бишімбаев үкімет отырысында.

Бишімбаевтың айтуынша, бұл жұмысты ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин басқаруда.

Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жолымен екінші деңгейдегі банктердің қолжетімді ипотекалық қарыздар беруі арқылы сұранысты ынталандыру. Сондай-ақ тұрғын үй салу үшін құрылыс салушыларға қолжетімді қарыздар беру арқылы ұсыныс ынталандырылады.

"Яғни, "Жол картасы бизнесіне" балама тетік ұсынылады: екінші деңгейдегі банктерден қаржы тартылады. Қолжетімді баспана құрылысына сонымен қатар көппәтерлі тұрын үй құрылысына тартылатын ставканы субсидиялау жоспарлануда", — деп қосты Бишімбаев.

Басты тақырыптар