17:31 24 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Сейітқазы және Әсет Матаевтардың соты кезінде

Айыптау Сейітқазы Матаевты 6 жыл 8 айға соттауды сұрайды

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
74 0 0

Сотталушылардың айыбы толық көлемде анықталды деп мәлімдеді сотта прокурор.

АСТАНА 27 қыр — Sputnik.  Айыптау тарабы соттан Сейітқазы Матаевты 194 баптың 2 бөлігі бойынша мүлкін тәркілеумен жалпы режимдегі колонияда 6 жыл 8 айға  соттауды, Әсет Матаевты мүлкін тәркілеумен жалпы режимдегі колонияда 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрайды деп хабарлайды Sputnik тілшісі сот залынан.

"Сотталушылардың айыбы толық көлемде анықталды. Сейітқазы Матаевқа  мүлкін тәркілеумен және 5 жылға кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып,  жалпы режимдегі колонияда 6 жыл 8 айға  жазасын өтеу тағайындалсын. Әсет Матаевқа мүлкін тәркілеумен жалпы режимдегі колонияда 6 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын", — деп мәлімдеді прокурор Ержан Құрақбаев.

23 тамызда Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотында айыпталушы Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевқа қатысты басты сот талқылауы басталды. Сейітқазы Матаев мемлекеттің көптеген миллион теңгесін жымқырды және Алматыдағы Ұлттық баспасөз-клубы ғимаратын заңсыз реконструкциялады деген ресми күдікке ілініп отыр. Әсет Матаевқа мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауда көптеген миллион теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр.

Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бастап үйқамағында отыр. Әсет Матаев үйқамағына 28 науыздан бастап алдынды. Екеуі де өздеріне тағылған барлық айыптарды үзілді-кесілді мойындамайды.

Басты тақырыптар