00:23 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Қазақстандық оқушылардың мұрағаттық суреті

ҚР мектептерінде ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама беруін талап етуді алып тастауы мүмкін

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
107 0 0

ҚР Білім және ғылым министрлігі балалары мектепке түсуі кезінде ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама беруі туралы міндетті норманы алып тастауы мүмкін.

АСТАНА 27 қыр — Sputnik. ҚР Білім және ғылым министрлігі балалары мектепке түсуі кезінде ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама беруі туралы міндетті норманы алып тастауы мүмкін, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуынша, бұл норма аз қамтылған отбасылардың  балалары есепке тұрып, тамақтануға жеңілдік берілуі үшін қажет.

"Бұл бұйрықпен біз қазір жұмыс істеп жатырмыз, педагогикалық қауымдастықпен, ата-аналармен оны талқылап жатырмыз. Тырысатын боламыз (…) әкімдіктер бөлетін қосымша қаражаттар кімде-кімге берілмесе, мектепке бұл анықтамаларды алып келу қажеттілігі болмауы тиіс", — деді Сағадиев журналистерге сейсенбіде.

Министр аталмыш мәселені шешу белгілі бір уақытты алатынын атап айтты.

Басты тақырыптар