00:24 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев: Қазақстанның досы Шимон Перес қайтыс болды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
64 0 0

Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің бұрынғы президентінің өліміне қатысты көңіл айтты.

АСТАНА 28 қыр — Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің бұрынғы президентінің өліміне қатысты көңіл айтты.

"Бейбітшілік үшін Нобел сыйлығының лауреаты Шимон Перес қайтыс болды. Израиль мемлекетінің негізін қалаушылар буынының соңғы өкілі. Қазақстанның досы", — деп жазды Тоқаев  Twitter-дегі бетінде.

Одан ары қарай сенат өкілі әйгілі саясат қайраткерінің айтқан бірнеше сөзін келтірді.

​Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перес сәрсенбіге қараған түні 93 жасында екі апта бұрын алған инсульттен беті бері қарамай, қайтыс болды.

Басты тақырыптар