Қоғам

Полиция Ақтөбе базарындағы топтық төбелестің алдын алды

© Sputnik / Владимир Воронин / Медиабанкке өтуМассовая драка. Архивное фото
Массовая драка. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбеде полиция қызметкерлері топтық төбелестің алдын алып, төбелесті бастағандарды ұстады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 28 қыр — Sputnik. Ақтөбеде полиция қызметкерлері топтық төбелестің алдын  алып, төбелесті бастағандарды ұстады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, 102 пультіне Ақтөбедегі базарлардың бірінде топтасып төбелеспек болғандар туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына полицияның кезекшіліктегі кешенді күштері жіберілді. Тәртіп сақшыларының жедел қолданған шараларының нәтижесінде бірқатар күдікті азаматтар ұсталды. Күдіктілерді ұстау кезінде арнайы құрылғылар мен қару қолданылған жоқ.

Полиция қызметкерлерінің атап өтуінше, күдікті азаматтарды тексеру барыснда олардан суық қарулар мен атыс қарулары табылмаған. Қалада атыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Жаңалықтар
0