Қоғам

Қазақстандық сенаторлар бір күндік жалақыларын мұқтаж жандарға аударады

© Sputnik / Болат ШайхиновДеньги
Деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан парламенті сенатының депутаттары бір күндік жалақыларын мұқтаж жандарға аударады, деп хабарлады бейсенбіде палатаның баспасөз қызметі.

АСТАНА, 29 қыр – Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының депутаттары бір күндік жалақыларын мұқтаж жандарға аударады, деп хабарлады бейсенбіде палатаның баспасөз қызметі.

Палата отырысы барысында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан "Шын жүректен" қайырымдылық телемарафонына қатысуға шақырды.

"Қазақстан" телеарнасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы шараның ұйымдастырушылары болып табылады. Бір күндік еңбекақыны мұқтаж жандарға аудару туралы Төрағаның ұсынысына депутаттар қолдау білдірді.

Марафонның алғашқы кезеңі 2016 жылғы сәуірде өтіп, үш күн ішінде 45 миллионнан астам теңге жиналды. Екінші кезең 7-29 қыркүйек арасында өтеді.

Жаңалықтар
0