Қоғам

Қазақстанда өкпе ауыстыру бойынша жасалған алғашқы ота сәтті шықты

© Photo : Национальный центр нейрохирургииОта. Мұрағаттық сурет
Ота. Мұрағаттық сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық Ғылыми кардиохирургиялық орталығы дәрігерлерінің тобы алғашқы өкпені ауыстырып салу отасын сәтті жасап шықты, ота 10 сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарланады орталықтың сайтында.

АСТАНА, 29 қыр — Sputnik  Ұлттық Ғылыми кардиохирургиялық орталығы дәрігерлерінің тобы алғашқы өкпені ауыстырып салу отасын сәтті жасап шықты, ота 10 сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарланады орталықтың сайтында.

"Өкпені ауыстырып салу бойынша жасалған аталмыш ота отандық медицинадағы хирургиялық ота жасаудың ең жарқын мысалы болып табылады. Бұл дем алу мүшелерінің ауруына шалдыққан қазақстандықтар үшін өкпені ауыстырып салу бойынша ағымдағы оталар жасауға мүмкіндік береді деп күтілуде", — делінген хабарламада. 

Ота 23 қыркүйектен 24 қыркүйекке қараған түні өкпенің буллезды эмфиземасымен (ХОБЛ) ауырған 67 жасар науқасқа жасалды. Соңғы сегіз жыл бойы науқас үй жағдайында оттегімен жасанды қолдау көрсету жағдайында болған. Ең минималды физикалық қозғалыстардың өзі науқастың демікпеге шалдығуына әкелетін. Өкпені ауыстырып салу отасы науқастың өмір сүруге деген соңғы үміті болатын. Қазір науқастың демалысы тұрақтандырылды, оның жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр.

"Ауыстырып салу отасын өткізу қоғамның өзінің қатысуынсыз және оның этикалық түсінігінсіз мүмкін емес. Донорлыққа саналы түрде келісім беру, адамдардың науқастың өмірін сақтап қалу үшін жанкештілікке баруы адамгершіліктің керемет мысалы бола алады. Жақынының өкпесін өзге адамға салуға келісім берген отбасы мүшелерінің әрекетін құрметтемей болмайды" – дейді "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пя.

Трансплантология ғылымында өкпені ауыстырып салу отасы аса күрделі деп саналады. Оның себебі ретінде көп ретте науқастардың консервативті емдеуге жатпайтын дем алу органдарының созылмалы ауруларының терминалды кезеңдері саналады. Қазақстан Республикасында мұндай науқастар аса көп. Әлемдік ақпаратқа жүгінсек, 1 млн тұрғынға шаққанда 10 адамға өкпені ауыстырып салу отасын жүргізу қажет.

Жаңалықтар
0