04:29 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко

БП: Ақтөбеде болған теракт криминалдық жағдайдың нашарлағанын көрсетеді

© Foto: Генеральная прокуратура Казахстана
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
45 0 0

Ақтөбеде маусымда болған теракт өңірдегі криминалдық жағдайдың нашарлағанын көрсетеді деп мәлімдеді бейсенбіде Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.

АСТАНА, 30 қыр — Sputnik. Ақтөбеде маусымда болған теракт өңірдегі криминалдық жағдайдың нашарлағанын көрсетеді деп мәлімдеді бейсенбіде Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.

Қазақстан бас прокуроры Жақып Асанов бейсенбіде Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді, мұнда өңірдің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу бойынша жобаны іске асыру басталған болатын.

"Еліміздің жекелеген өңірлеріндегі криминалдық жағдайға алаңдаймыз. Соның ішінде Ақтөбе облысы бар. Мұнда аса ауыр қылмыстар 18%, соның ішінде өлім 40% өскен. Жағдайдың нашарлағанына сондай-ақ Ақтөбеде маусымда болған теракт та дәлел, тек Қазақстан ғана емес, жаңа терорлық акт туралы бүкіл әлем білген болатын", — деді Кравченко Ақтөбеде брифингте.

Басты тақырыптар