04:28 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Марафон

Елордалық спортшылар спорттық марафон өткізді

© Sputnik / Баубек Коныров, Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
38 0 0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Құтқарушылар күніне орайластырылған "Қауіпсіздік әр үйге" спорттық марафонына 30 астам адам қатысты деп хабарланады елорданың ресми сайтында.

АСТАНА, 30 қыр — Sputnik.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Құтқарушылар күніне орайластырылған "Қауіпсіздік әр үйге" спорттық марафонына 30 астам адам қатысты деп хабарланады елорданың ресми сайтында.

Олардың бәрі де тәуелсіз еліміздің төл құрдастары. Шара Астаналық саябақта суда құтқару станциясының жанында өтті. Ерлер 5 км қашықтыққа, ал әйелдер 3 км жүгіреді. Сондай-ақ, шара барысында өрт сөндіру техникасының көрмесі ұйымдастырылды.

"Бүгін күн салқын, сонда да марафонды көтеріңкі көңіл күймен өткіздік. Шараға еріктілер мен «Жас құтқарушы» клубынан балалар да тартылды. Олар елорда тұрғындарына төтенше жағдайлар туралы жаднамалар таратты. Жалпы акция ТЖ саласында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, күнделікті өмірде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігін азаматтарға түсіндіруге бағытталған", — деді Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.а. Мейрамбек Қайсанов.

Сонымен қатар, акция аясында сүңгуір –құтқарушылар судан құтқаруды іс-жүзінде көрсетті.

Басты тақырыптар