Қоғам

"Болашақ" шәкіртақысына құжаттар қабылдау мерзімі 14 қазанға дейін ұзартылды

Жазылу
"Болашақ" халықаралық стипендиясын алу үшін құжаттар қабылдау 2016 жылғы 15 тамыз бен 14 қаза аралығында өтуде, тиісті бұйрыққа ҚР білім және ғылым министрі қол қойды.

АСТАНА, 3 қаз — Sputnik. "Болашақ" халықаралық стипендиясын алу үшін құжаттар қабылдау 2016 жылғы 15 тамыз бен 14 қаза аралығында өтуде, тиісті бұйрыққа ҚР білім және ғылым министрі қол қойды.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына құжаттар қабылдау мерзімі бойынша өзгеріс енгізілді.

"Құжаттарды қабылдау – 2016 жылғы 11 сәуірден бастап 13 мамырды қоса алғанда, 2016 жылғы 13 маусымнанбастап 29 шілдені қоса алғанда, 2016 жылғы 15 тамыздан бастап 14 қазанды қоса алғанда", — деп хабарланады бұйрықта.

Бұрын, құжат қабылдаудың үшінші, қорытынды кезеңі 30 қыркүйекте аяқталады, деп хабарланған.

Жаңалықтар
0