08:31 21 Шілде 2017
Тікелей эфир
Сйтқазы мен Әсет Матаевтар сот отырысы кезінде

Сейтқазы Матаев 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Матаевтар ісі (8)
37 0 0

Қазақстан журналистер одағының басшысы Сетқазы Матаев мүлкін тәркілеумен жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге алты жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Деп хабарлайды Sputnik агенттігінің тілшісі сот залынан.

АСТАНА, 3 қаз — Sputnik. Қазақстан журналистер одағының басшысы Сетқазы Матаев мүлкін тәркілеумен жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге алты жылға бас бостандығынан  айыруға сотталды. Деп хабарлайды Sputnik агенттігінің тілшісі сот залынан.

Сейтқазы Матаев пен оның «ҚазТАГ» ақпараттық агенттігін басқарған ұлы Әсет аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуде жалтарды деп айыпталып отыр. Сейтқазы Матаевқа ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі 2-тармағы, 245-бабының 3-бқлімі 177-бабы 4-бөлімі "б" тарбағы бойынша айып тағылған. Оның ұлы Әсет Матаев ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша айыпталып отыр.

Әкесі мен ұлы өздеріне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Сотталушылар сот залына кірген кезде адамдар қошемет көрсетіп, қолдау білдіріп отырды.

"Сейтқазы Матаев кінәлі деп танылып, өмір бойына басшылық қызмет атқару құқығынан айырып, мүлкін тәркілеумен жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеумен алты жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілсін", — деп оқыды төрағалық етуші судья Ақболат Құрмантаев.

"Әсет Матаев кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеумен бес жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілсін", — деп қосты судья.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Матаевтың 2011-2015 жылдары Ақпараттандыру комитеті мен "Қазақтелеком" АҚ мемлекеттік саясатты ақпараттық ілгерілетге және баспа бетінде материалдарды орналастыруға бөлген 300 млн. теңгеден астам қаржыны ұрлау фактісін анықтағанын хабарлаған болатын. Сонымен бірге Матаев 1,4 млрд. теңге таза пайда келтіре отырып, 327 млн. теңге көлеміндегі салықтарын төлеуден жалтарған.

Тақырып:
Матаевтар ісі (8)

Басты тақырыптар