04:25 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Қасымов Қалмұханбет

ІІМ: "ауыр қылмысты" тізгіндедік, ұры-қары көбейіп кетті

© Foto: Пресс-служба правительства РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
45 0 0

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов елдегі ауыр қылмыс саны азайғанымен, көшедегі және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбеюіне алаңдап отыр.

АСТАНА, 5 қаз – Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов елдегі ауыр қылмыс саны азайғанымен, көшедегі және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбеюіне алаңдап отыр. 

Сәрсенбі күні Қазақстан үкіметі отырысында ІІМ басшысы елдегі криминогендік ахуал туралы ресми статистиканы жариялады. Бұл статистикада қоғамдық үрдіс байқалады: қандай да бір ел билігі ауыр қылмыстар үлесін азайтса, сол сәтте ұры-қары саны күрт көбейіп кетеді.

Қазақстан да бұл үрдістен қалыс қалмады: Қасымовтың мәліметінше, 2015 жылмен салыстырғанда осы жылдың басынан бергі қылмыстық істердің жалпы саны 3,5%-ға төмендеп, 256 мың оқиға тіркелген. Ауыр емес қылмыс саны төрт еседей, ауыр қылмыс 9%-ға, өте ауыр қылмыс 16%-ға азайса, адам өлтіру 5%-ға, зорлау  24%-ға, ұрлық 10%-ға, бұзақылық 14%-ға қысқарған. 

Есесіне осы уақыт аралығында көше қылмысы 8%-ға артқан. Оның ішінде қоғамдық орындардағы осындай қылмыстар саны 15%-ға көбейген. Мұндай қылмыстардың көбеюі тоғыз өңірде байқалады, ең көбі Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында тіркелген.

Ұры-қарыны қалай тізгіндейміз?

Елдің ірі қалалары мен елордада полиция формасын киген адамдарды көбейту ештеңені шешпейтінін министрдің өзі мойындап отыр. "Сол себепті көшедегі және басқа да қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау механизмі жұмыс істеп тұруы тиіс. Қазір де бұл жұмыс видео бақылаусыз мүмкін емес.  Қала көшелеріндегі ондай құрылғылардың саны үш мың ғана. Әсіресе, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Орал қалаларында аз кездеседі. Біздің еліміз үшін олардың саны тым аз. Сонда да видео бақылаудың көмегімен, талай тәртіп бұзушылық әшкереленіп, қылмыстық істер ашылуда", — дейді Қалмұханбет Қасымов.

Министрдің мәліметінше, жасөспірімдер ісі бойынша бөлімшелердің қарамағында 11 мың жасөспірім, 12 мыңнан астам күнкөрісі төмен отбасы тіркелген, бұл жанұяларда 16 мыңнан астан бала бар. Соған қарамастан жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны көбейіп барады.

Мемлекеттік қызметкерлерді балаларына жіберіңдер!

Жасөспірімдер мәселесі жөнінде өз пікірін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білдіріп өтті.

Оның ойынша, елімізде ата-аналардың балаларына деген жауапкершілігі төмендеп кетті. "Ата-анасы үнемі жұмыста болғандықтан, балаларына тәрбие беруге уақыттары жоқ. Мұндай жандардың көпшілігі мемлекеттік қызметкерлер. Қазіргі уақытта ата-аналар жиналысына бүкіл ата-аналардың 10-15% ғана қатысады. Біздің есебіміз бойынша, 11 жыл ішінде ата-аналардың 50%  мектепке мүлдем бармаған." – дейді БҒМ басшысы.


Басты тақырыптар